Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Alatau City Authority-дің (ACA) қолдауымен Астанада «AIFC Diplomatic Day: Kazakhstan Diplomatic Investment Dialogue» инвестициялық диалогын өткізді. Іс-шараға дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері қатысты.

Инвестициялық диалог аясында ACA бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін, қаланы дамытудың негізгі бағыттарын және халықаралық ынтымақтастықтың келешегін таныстырды. Сөз сөйлеу барысында ACA басшысы инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, реттеудің заманауи механизмдерін енгізуге және инвестицияларды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Alatau City-дің арнаулы құқықтық режимінің ерекшеліктері туралы айтты.

Іс-шараға қатысушыларға Arup халықаралық компаниясымен бірлесіп әзірленген Alatau City-дің 2055 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму жоспары таныстырылды. Құжатта іскерлік және тұрғын аудандарды қалыптастыруды, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, қаланың кеңістіктік және экономикалық дамуының негізгі бағыттары айқындалған.

Қаланың инвестициялық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Alatau City-дің инвестициялық портфеліне жалпы әлеуетті құны 6,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 67 жоба кіреді, оларды іске асыру шамамен 55 мың жұмыс орнын құруды қамтамасыз ете алады. Басым бағыттардың қатарына өнеркәсіп, логистика, цифрлық технологиялар, білім беру, денсаулық сақтау және туризм жатады.

Сөз соңында ACA басшысы дипломатиялық корпус өкілдерін шетелдік инвесторларды тарту, халықаралық бизнес-қоғамдастықпен тікелей байланыс орнату және Alatau City-де мақсатты іскерлік міндеттерді ұйымдастыру мәселелерінде белсенді түрде өзара іс-қимыл жасасуға шақырды. Ол ACA-ның шетелдік серіктестермен ашық диалогқа және бастапқы келіссөздерден бастап оларды іс жүзінде жүзеге асыруға дейін инвестициялық жобаларды кешенді түрде қолдауға дайын екендігін атап өтті.

Анықтамалық мәлімет: AIFC Diplomatic Day – Қазақстанның инвестициялық әлеуетін арттыруға, халықаралық экономикалық байланыстарды нығайтуға және шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы дипломатиялық өкілдіктермен өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған халықаралық диалог алаңы.

Alatau City инвестициялық мүмкіндіктері Астанадағы дипломатиялық өкілдіктер басшыларына таныстырылдыAlatau City инвестициялық мүмкіндіктері Астанадағы дипломатиялық өкілдіктер басшыларына таныстырылдыAlatau City инвестициялық мүмкіндіктері Астанадағы дипломатиялық өкілдіктер басшыларына таныстырылдыAlatau City инвестициялық мүмкіндіктері Астанадағы дипломатиялық өкілдіктер басшыларына таныстырылды