Арнаулы құқықтық режимнің іске асырылуын қамтамасыз ету.
Біз кімбіз
«Alatau City Authority» арнаулы басқару ұйымы («ACA» АБҰ) Қазақстан Республикасының «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған.
Біз мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеміз және Alatau City-дің Еуразияның болашақ экономикалық және инвестициялық орталықтарының бірі ретіндегі ұзақ мерзімді дамуына жағдай жасаймыз.
Біздің міндетіміз — заманауи, ашық және бәсекеге қабілетті инвестициялық ортаны қалыптастыру үшін мемлекеттің, бизнестің және халықаралық серіктестердің мүмкіндіктерін біріктіру.

Қаланың дамуы үшін жағдай жасау
Alatau City Authority қаланың тұрақты дамуына және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті жағдайларды қалыптастыруға жауап береді.
Реттеушілік және институционалдық ортаны жетілдіру.
Инвестициялық жобаларды One Stop Shop («бір терезе») принципі бойынша сүйемелдеу.
Стратегиялық инвесторлар мен халықаралық серіктестерді тарту.
Мемлекеттік басқарудың үздік халықаралық тәжірибелерін енгізу.
Қаланы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуге қатысу.
Жобаларды сүйемелдеудің «бір терезе» жүйесі
Инвесторлар үшін One Stop Shop — жобаларды сүйемелдеудің «бір терезе» принципі қолданылады. Бұл әкімшілік рәсімдерді қысқартуға, мемлекеттік органдармен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және жобаны алғашқы консультациядан бастап оны іске асырғанға дейін сүйемелдеуге мүмкіндік береді.
- Алғашқы консультация
- Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
- Жобаны іске асыру
Біздің мақсатымыз — инвестициялық процесті барынша түсінікті, жылдам әрі тиімді ету.

Үздік әлемдік басқару тәжірибелері, инновациялық технологиялар мен жеке инвестициялар Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің жаңа моделін қалыптастыратын заманауи халықаралық қала құру.
Жұмысымыздың негізі
Ашықтық
Шешімдердің айқындылығы және инвесторлармен тұрақты диалог.
Серіктестік
Мемлекеттің, бизнестің және халықаралық компаниялардың тиімді өзара іс-қимылы.
Инновациялар
Заманауи технологиялар мен озық реттеушілік шешімдерді енгізу.
Тиімділік
Әкімшілік кедергілерді барынша азайту және жобаларды сапалы сүйемелдеу.
Тұрақты даму
Экономикалық өсудің, қалалық ортаны дамытудың және өмір сүру сапасын арттырудың теңгерімі.
Еуразиядағы ең тартымды инвестициялық юрисдикциялардың бірі
Alatau City-де халықаралық компаниялар жаңа өндірістер құра алатын, жоғары технологиялық бизнесті дамыта алатын, инновацияларды енгізе алатын және әлемдік деңгейдегі жобаларды іске асыра алатын Еуразиядағы ең тартымды инвестициялық юрисдикциялардың бірін қалыптастыру.