Alatau City Urban Character

Alatau City қандай болуы керек?

Сауалнамаға қатысу 5–7 минут · 20 сұрақ

Alatau City — қолданыстағы елді мекендер мен жаңа даму аумақтарын біріктіретін жаңа қала. Мұнда сәулет, қоғамдық кеңістіктер, табиғат, инфрақұрылым және технологиялар өзара үйлесіп, өмір сүруге қолайлы жағдай қалыптастыратын заманауи қалалық орта құру көзделеді.

Alatau City жобасымен сайттың басты бетіндегі бейне арқылы қысқаша таныса аласыз.

Urban Character дегеніміз не?

Urban Character — ғимараттардың сыртқы келбеті немесе бірыңғай сәулеттік стиль ғана емес. Бұл қаланың жалпы сипаты: оның аудандары, көшелері, қоғамдық кеңістіктері мен ландшафты қалай көрінетіні және қабылданатыны, қаланың климат пен жергілікті ерекшеліктерді қалай ескеретіні және күнделікті өмірге қаншалықты қолайлы екені.

Alatau City Urban Character қаланы дамытудың ортақ бағытын анықтауға және ұзақ мерзімді көзқарасты болашақ жобалармен әрі адамдардың қажеттіліктерімен байланыстыруға көмектеседі. Бұл дайын жобалық шешімдерді таңдау емес, болашақ қаланы айқындайтын негізгі қасиеттер мен басымдықтарды анықтау үдерісі.

Өз пікіріңізбен бөлісіңіз

Тұрғындар мен қаланың болашақ пайдаланушылары Alatau City-ді қалай елестететінін, алдымен қандай мәселелерді шешу қажет екенін, аумақтың қандай ерекшеліктерін сақтау керегін және қалалық ортаның қандай болуы тиіс екенін түсіну біз үшін маңызды.

Төмендегі қысқа сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Оны толтыру шамамен 5–7 минут алады. Жауаптар кейінгі зерттеулерге, сарапшылық талқылауларға және Alatau City-дің болашақ келбетін қалыптастыруға қосымша материал ретінде пайдаланылады.