Талаптар

  • «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика» немесе сабақтас мамандықтар бойынша жоғары білім;
  • Бухгалтерлік есеп саласында кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, салық және еңбек заңнамаларын жетік білу;
  • 1С: Бухгалтерия, MS Excel және Microsoft Office бағдарламаларын еркін меңгеру;
  • Қаржылық құжаттамамен жұмыс істеуге және іскерлік хат алмасуға жеткілікті Intermediate (B1) деңгейінен төмен емес ағылшын тілін білу;
  • Жауапкершілік, ұқыптылық, аналитикалық ойлау қабілеті, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу және белгіленген мерзімдерді сақтау.

Міндеттері

  • Бекітілген учаскелер бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу;
  • Бастапқы бухгалтерлік құжаттарды тексеру және өңдеу;
  • Төлем құжаттарын дайындау және жеткізушілермен, мердігерлермен есеп айырысуларды бақылау;
  • Салықтық, статистикалық және қаржылық есептілікті дайындауға қатысу;
  • Негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және көрсетілген қызметтердің есебін жүргізу;
  • Контрагенттермен өзара есеп айырысуларды салыстыру (сверка) жүргізу;
  • Басшылықтың, аудиторлардың және мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша ақпарат пен құжаттарды дайындау;
  • 1С: Бухгалтерия және өзге де ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.