Талаптар

  • «Құқықтану», «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша жоғары білім; экономика, қаржы немесе салық салу саласындағы білімі болуы құпталады;
  • Жұмыс тәжірибесі: бас менеджер үшін – кемінде 8 жыл, менеджер үшін – кемінде 5 жыл кәсіби тәжірибе, төмендегі салалардың бірінде немесе бірнешеуінде: нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; салықтық немесе кедендік консультация беру; салық, кеден немесе қаржы саласындағы мемлекеттік реттеу; инвестициялық жобалар мен арнайы құқықтық режимдерді сүйемелдеу;
  • Салықтық және кедендік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын терең білу;
  • Халықаралық салық салу және арнайы экономикалық аймақтарды реттеу қағидаттарын түсіну;
  • Болғаны жөн: халықаралық қаржы орталықтарының, арнайы экономикалық аймақтардың немесе халықаралық ұйымдардың заңнамасымен жұмыс тәжірибесі; мемлекеттік органдармен және инвесторлармен өзара іс-қимыл тәжірибесі; салық реформасы, инвестициялық саясат немесе кедендік әкімшілендіру жобаларына қатысу тәжірибесі;
  • Тілдер (дағдылары болғаны жөн): қазақ тілі – еркін меңгеру; ағылшын тілі – B2 деңгейінен төмен емес;
  • Жүйелі ойлау, реттеуші шешімдердің инвестициялық ахуалға әсерін бағалай білу, талдамалық және салыстырмалы-құқықтық материалдарды дайындау дағдылары, үлкен көлемдегі нормативтік ақпаратпен жұмыс істей білу.

Міндеттері

  • Алатау қаласы әкімшілігінің нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік емес құқықтық актілерінің, және Алатау қаласының жұмыс істеуі мен дамуына байланысты өзге де актілер мен регуляторлы құжаттардың жобаларын әзірлеу, оларға құқықтық сараптама жүргізу және (немесе) келісу;
  • Салық салу, кедендік реттеу және инвестициялық қызмет салаларында нормативтік шешімдерді әзірлеу;
  • Арнайы экономикалық аймақтар мен арнайы құқықтық режимдердің халықаралық модельдеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу;
  • Салық, кеден және инвестициялық саясат мәселелері бойынша талдамалық материалдар дайындау;
  • Мемлекеттік органдармен, халықаралық сарапшылармен және инвесторлармен келіссөздер мен консультацияларға қатысу;
  • Салық және кеден заңнамасын қолдану мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындау.