Талаптар

  • «Құқықтану», «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша жоғары білім; сәулет, құрылыс немесе сабақтас бағыттар бойынша білімі болуы құпталады;
  • Жұмыс тәжірибесі: бас менеджер үшін – кемінде 8 жыл, менеджер үшін – кемінде 5 жыл кәсіби тәжірибе, төмендегі салалардың бірінде немесе бірнешеуінде: нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды құқықтық сүйемелдеу; құрылыс және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік реттеу; жер қатынастары, құрылыс және инфрақұрылым мәселелері бойынша заңгерлік консалтинг;
  • Құрылыс, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын терең білу;
  • Құрылыс саласындағы рұқсат беру қызметі мен мемлекеттік бақылау рәсімдерін білу;
  • Болғаны жөн: арнайы экономикалық аймақтардың, халықаралық қаржы орталықтарының немесе өзге де арнайы құқықтық режимдердің заңнамасымен жұмыс тәжірибесі; мемлекеттік органдармен және инвесторлармен өзара іс-қимыл тәжірибесі; ірі инфрақұрылымдық немесе девелоперлік жобаларға қатысу тәжірибесі;
  • Тілдер (дағдылары болғаны жөн): қазақ тілі – еркін меңгеру; ағылшын тілі – B2 деңгейінен төмен емес;
  • Жүйелі ойлау, құқықтық талдау және талдамалық материалдарды дайындау дағдылары, үлкен көлемдегі нормативтік және техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу.

Міндеттері

  • Алатау қаласы әкімшілігінің нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік емес құқықтық актілерінің, және Алатау қаласының жұмыс істеуі мен дамуына байланысты өзге де актілер мен регуляторлы құжаттардың жобаларын әзірлеу, оларға құқықтық сараптама жүргізу және (немесе) келісу;
  • Құрылыс, сәулет, қала құрылысы, инженерлік инфрақұрылым және жер қатынастары салаларында нормативтік шешімдерді әзірлеу;
  • Қала құрылысын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және шетелдік юрисдикциялардың заңнамасын талдау;
  • Талдамалық материалдар мен салыстырмалы-құқықтық зерттеулерді дайындау;
  • Ведомствоаралық жұмыс топтарына және мемлекеттік органдармен, сарапшылармен және инвесторлармен консультацияларға қатысу;
  • Инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындау.