← Барлық бос орындар
Қала құрылысы және аумақтарды дамыту департаменті 8 жылдан бастап тәжірибе
Қала құрылысы және аумақтарды дамыту департаментінің Қала құрылысын жоспарлау бөлімінің аға менеджері
Талаптар
- Қала құрылысы және аумақтарды дамыту департаментінің директорына тікелей бағынады;
- Ағылшын тілін ауызша және жазбаша еркін меңгеруі;
- Беделді жоғары оқу орнын «Қала құрылысын жоспарлау», «Сәулет» немесе сабақтас мамандықтар бойынша тәмамдаған болуы;
- Кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Мастер-жоспарларды әзірлеуге және ірі ауқымды қалалық даму жобаларын іске асыруға қатысу бойынша расталған тәжірибесі болуы.
Міндеттері
- Қаланың 30 жылдық ұзақ мерзімді даму жоспары мен 15 жылдық Мастер-жоспарын әзірлейтін консультанттардың жұмысын үйлестіруге қатысу, сондай-ақ оларды уәкілетті мемлекеттік органдарда келісу, бекіту және ресми жариялау жұмыстарын сүйемелдеу;
- Бекітілген Мастер-жоспардың өзектілігін қамтамасыз ету және оны іске асыруды сүйемелдеу;
- Қаланы дамытуға бақылау жасау тетіктері арқылы Мастер-жоспар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Alatau City-дің инвестициялық дайындығын қамтамасыз ету мақсатында жер ресурстарын басқару жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде жер учаскелерін алып қою және қоныс аудару жұмыстарын болжау;
- Alatau City-дің цифрлық егізін (Digital Twin) әзірлеу және қаланы кешенді басқаруға арналған Smart City технологияларын енгізу мәселелері бойынша Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі бас директормен (Chief Digital & AI Officer) өзара іс-қимыл жасау;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жер ресурстарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Инвестициялар жөніндегі бас директормен (Chief Investment Officer) өзара үйлестіру.
← Барлық бос орындар