Талаптар

  • Даму жөніндегі бас директорға (Chief Development Officer) тікелей бағынады;
  • Ағылшын тілін ауызша және жазбаша еркін меңгеруі;
  • Беделді жоғары оқу орнын «Қала құрылысын жоспарлау», «Сәулет» немесе сабақтас мамандықтар бойынша тәмамдаған болуы;
  • Экономика немесе жылжымайтын мүлік нарығын талдау саласында қосымша даярлығы немесе жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Мастер-жоспарларды әзірлеу және ірі ауқымды қалалық даму жобаларын іске асыру бойынша расталған тәжірибесі болуы.

Міндеттері

  • Қаланың 30 жылдық ұзақ мерзімді даму жоспары мен 15 жылдық Мастер-жоспарын әзірлейтін консультанттардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ оларды уәкілетті мемлекеттік органдарда келісу, бекіту және ресми жариялау жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • Бекітілген Мастер-жоспардың сақталуын, өзектілігін қамтамасыз ету және оның ресми әкімшісі қызметін атқару;
  • Қаланы дамытуға бақылау жасау тетіктері арқылы Мастер-жоспар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Alatau City-дің инвестициялық дайындығын қамтамасыз ету мақсатында жер ресурстарын басқару жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде жер учаскелерін алып қою және қоныс аудару жұмыстарын болжау;
  • Alatau City-дің цифрлық егізін (Digital Twin) әзірлеу және қаланы кешенді басқаруға арналған Smart City технологияларын енгізу мәселелері бойынша Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі бас директормен (Chief Digital & AI Officer) өзара іс-қимыл жасау;
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жер ресурстарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Инвестициялар жөніндегі бас директормен (Chief Investment Officer) өзара үйлестіру.