Alatau City Authority Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады.
Осы ауыр қайғыға ортақтаса отырып, марқұмдардың жақындарына сабырлық пен төзімділік, күш-қуат берсін дейміз.
Қаза болғандардың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады.
2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
