2026 жылғы 30 қыркүйекте LP & GP Summit аясында Alatau City Authority мен Alem Ventures Fund-тың General Partner ретінде әрекет ететін Alem Capital Management Limited Alatau City-дің технологиялық және цифрлық жобаларына инвестициялар тарту саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестіктің негізгі бағыттары жасанды интеллект, Smart City шешімдері және токенизацияланған құралдар саласындағы жобалар болады.

Тараптар перспективалы инвестициялық мүмкіндіктерді бірлесіп анықтауды, бағалауды, сондай-ақ Alatau City-де жобалардың іске асырылуына жәрдемдесуді жоспарлап отыр. Нақты жобалар, көлемдер мен қаржыландыру құрылымы, қатысушылар құрамы және іске асыру мерзімдері пысықталу барысында бөлек айқындалатын болады.

Ынтымақтастық Alatau City-дің технологиялық экожүйесіне инвестициялық капитал тартудың қосымша арнасын қалыптастыруға, оның ішінде AI-шешімдер, цифрлық қалалық инфрақұрылым және токенизация құралдары саласындағы мүмкіндіктерге бағытталған.