LP & GP Summit барысында Астанадағы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы шеңберінде Alatau City Authority және Digital Capital Group (DCG) токенизация құралдарын пайдалана отырып, Alatau City технологиялық және инфрақұрылымдық салаларындағы инвестициялық жобаларды пысықтауға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа Баян Қоңырбаев, Chief Digital & Artificial Intelligence Officer Alatau City Authority және Digital Capital Group компаниясының серіктесі және Директорлар кеңесінің мүшесі Морис Хонг Туан қол қойды. Тараптар жиынтық көлемі 10 млн АҚШ долларына дейінгі әлеуетті инвестициялық жобаларды бірлесіп қарауға ниетті.
Alatau City Authority және Digital Capital Group Меморандумы шеңберінде перспективалы инвестициялық жобаларды бірлесіп айқындауды және бағалауды, сондай-ақ оларды токенизациялау мен капиталды тартудың ықтимал құрылымдарын пысықтауды жоспарлап отыр. Нақты жобалар, қаржыландыру көлемі мен тетіктері, қатысушылардың құрамы, іске асыру мерзімдері мен тараптардың рөлдері олардың пысықталуына қарай жеке айқындалатын болады.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыты GPU базасындағы есептеу қуаттарын токенизациялау (GPU compute capacity) болады. Бұл тәсіл есептеу инфрақұрылымына инвестицияларды құрылымдау үшін цифрлық құралдарды пайдалануды көздейді және Alatau City-де нақты активтерді токенизациялауды қолданудың практикалық бағыттарының бірі болуы мүмкін. Сонымен қатар тараптар ESG, қаланың қойма және энергетикалық инфрақұрылымы салаларындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Ынтымақтастық Alatau City-дің технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларына халықаралық капитал мен инвестициялық сараптама тарту, сондай-ақ нақты активтерді токенизациялаудың практикалық тетіктерін сынақтан өткізу үшін негіз құруға арналған.
