Энергия тиімділігін арттыру және энергияны тиімді тұтыну мәдениетін қалыптастыру заманауи қалалардың орнықты дамуының маңызды құраушылары болып табылады.

Осы саладағы халықаралық тәсілдердің бірі – энергия тиімділігін басым энергетикалық ресурс ретінде қарастыратын First Fuel («бірінші отын») тұжырымдамасы. Оған сәйкес энергия тиімділігі басым энергетикалық ресурс ретінде қарастырылады. Оның негізгі қағидаты – қосымша генерациялаушы қуаттарды арттыру қажеттілігіне дейін артық тұтынуды және энергетикалық шығындарды азайту.

Энергияны тиімді тұтыну өмір сүру жайлылығын төмендетуді білдірмейді. Ол энергия тиімді технологияларды, заманауи есепке алу және басқару жүйелерін қолдануды, сондай-ақ жауапты тұтынушылық әдеттерді қалыптастыруды қамтиды.

«Alatau City үшін энергия тиімділігі қағидаттарын қаланы жобалау кезеңінен-ақ енгізу маңызды. Заманауи құрылыс нормалары мен жобалауға қойылатын талаптар энергия шығындарын барынша азайтуға және оны тиімді тұтынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологияларды қолдануды көздеуі тиіс. Болашақта біз сондай-ақ тұтынудың бір бөлігін жүктемесі аз кезеңдерге ауыстыруды ынталандыратын сараланған тарифтер есебінен пиктік сағаттарда жүктемені басқару механизмдерін де қарастырамыз. Тағы бір маңызды бағыт – жаңартылатын энергия көздері негізінде үлестірілген генерацияны дамыту. Өз электр энергиясын өндіретін кәсіпорындар мен тұрғындар тиісті экономикалық ынталандырулар болған жағдайда оның артық мөлшерін жалпы желіге бере алады. Жиынтығында бұл шаралар энергожүйеге түсетін жүктемені азайтуға және қаланың энергия тұтынуының тиімдірек моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Alatau City Authority» арнаулы басқару ұйымының Жобалау және құрылыс нормалары департаментінің директоры Тимур Ташмұхамбетов.

Осылайша, Alatau City қалалық даму жүйесіне энергия тиімділігі қағидаттарын әуел бастан интеграциялау жоспарлануда. Мұндай тәсіл орнықты қалалық ортаны қалыптастырудың және қаланы ұзақ мерзімді дамытудың элементтерінің біріне айналады.